Қазақстан • 12 Наурыз, 2021

Қоршаған ортаға кері әсерін азайт­ты

813 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

2020 жылы экологиялық әсер деңгейі 2019 жыл­дың көрсеткішімен салыстырғанда төмен­деді. Ауаны ластаушы заттар шығарылымы 1 405 ­тон­наға төмендеп, 6 624 тоннаны құрады.

Қоршаған ортаға кері әсерін азайт­ты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бағ­дарламаларын іске асыру шеңберінде теміржол көлі­­гінің қоршаған ортаға теріс әсе­рін төмендетуге бағыт­талған іс-­шара­ларды орын­дау­да. Бұл рет­те табиғат қор­ғау қызметіне жыл сайын шамамен 700-800 млн тең­ге сомасында қаражат бөлінеді жә­не игеріледі. Мысалы, Evolution серия­лы тепловоздарды енгізу ескі үл­гідегі теп­ловоздармен салыс­тыр­­­ғанда ат­мосфералық ауаға шы­ға­­рын­дыларды 2,2 есе азайтуға мүм­кіндік бере­ді. Тұйық үлгідегі дәретха­налармен жабдықталған жаңа жолаушылар вагондарын сатып алу темір жол төсемінің бак­териялық ластануын болдырмайды. Қазандықтарды қатты отыннан газды отын­ға ауыстыру, өн­дірістік ғима­раттарды қа­лалық жы­лумен жаб­дықтауға қосу, қа­зан­дық жабдықтарын жа­ңарту атмос­фералық ауаның ста­ционарлық көздерден лас­тануын төмендетуге ықпал етеді.

– 2020 жылы қоршаған орта­ны қорғау саласындағы үздік әлем­дік тәжірибелерге сай келе­тін «Ста­ционарлық көздерден атмос­фераға ластаушы заттар шы­ғ­арын­дыларын басқарудың инте­грацияланған ақпараттық жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. Ластауыш зат­тардың экологиялық шыға­рындыларын есеп­теу про­цесін автоматтандыру нақты есептеу­лер жүргізуге, айып­­пұл санкцияларын төлеу тәуе­­келдерін жоюға, адам фак­торын тө­мендетуге және т.б. мүмкіндік береді, – деді компанияның бас инженері Батыр Котырев.

Бұдан басқа, полигонға шыға­ры­латын қалдықтарды және қор­шаған ортаға әсерін азайту үшін ком­пания­ның құрылымдық бөлім­шелері мен ен­шілес ұйымдары қал­дықтарды бөлек жинау, одан әрі кәдеге жарату және мүдделі ұйымдарға тапсыру бойын­ша белсенді жұмыс жүргізуде. 2020 жылы қайта өңдеу және пайдалану үшін 143 тонна қалдық сатылды.

– Табысты экологиялық ме­недж­мент­­тің қажетті шарты пер­соналдың экологиялық білімі мен мәдениетін үздіксіз арттыру процесі санала­ды. 2020 жылы компанияның ішкі тренерлері 3 700-ден астам жұмыс­кер­ді оқытып шығарды, – деп атап көрсетті Б.Котырев.

Статистика агенттігінің де­рек­те­рі бойынша, теміржол кө­лігі ең эколо­гиялық таза көлік са­­налады.