Ливияда Абдулхамид Дибейбе басқаратын жаңа Ұлттық бірлік үкіметінің құрамы жарияланды.
Өкілдер палатасы жариялаған тізімге сәйкес Ұлттық бірлік үкіметіндегі министрлер елдің шығыс (Барса), батыс (Триполи) және оңтүстік (Феззан) аймақтарының халық тығыздығына қарай анықталады.
Елдің шығысынан үміткер болған Наджла Мұхаммед әл-Менгуш ханым Ливияның Сыртқы істер министрі болып сайланды.
Халид Тикани Мазин Ішкі істер министрі болып тағайындалды. Ол елдің оңтүстігінен ұсынылған. Мазин бұрынғы үкіметте Ішкі істер министрі Фетхи Башаның орынбасары болған.
Қаржы министрлігін оңтүстіктен келген Халид Мебрук Абдулла басқарады, ал батыс аймақтың өкілі Мұхаммед Ахмед Авн Мұнай және табиғи газ министрі болып бекіді.
Ливияның жаңа үкіметіне 33 министр мен 2 премьер-министрдің орынбасары кіреді. Кабинетте бес әйел бар.
Ливияның Өкілдер палатасы (парламенті) Сиртедегі кездесуінде Абдулхамид Дибейбенің жаңа Ұлттық бірлік үкіметіне сенім білдірді.
Үкіметтің мақұлдауы үшін оған қатысқан депутаттардың 50 пайызы және бір дауысы жеткілікті болған. Дауыс беру ашық форматта өтті. Қатысқан 134 депутаттың 133-і қолдап, біреуі қалыс қалды.
5 ақпанда БҰҰ-ның делдалдығымен Ливия саяси диалог форумының мүшелері Женевада Солтүстік Африка мемлекетінің уақытша әкімшілік құрамын бекітті. Олар мемлекетті 2021 жылғы 24 желтоқсандағы сайлауға дейін басқарады.
Айта кетейік, Ливияның уақытша премьер-министрі болып Абдулхамид Дибейбе, ал президенттік кеңестің басшысы болып Мұхаммед әл-Менфи сайланды.