Білім • 12 Наурыз, 2021

Түлектер грантты жекеменшік мекемелерде де өтей алатын болды

30 рет көрсетілді

Осы жылдан бастап жоғары білім беру ордаларында грант арқылы білім алған түлектер, енді грантты жекеменшік мекемелерде де өтеуге мүмкіндері бар, деп хабарлайды Egemen.kz Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев: «Егер студент жоғары оқу орнына грант бойынша 2017 жылы түсіп, 2020-2021 академиялық жылы оқуын аяқтаса, ол грантты бұрын қабылданған заңға сәйкес өтейді. Сондықтан бұл ретте айтарлықтай жаңашылдық жоқ», деп түсіндірді.

Айта кетейік, мемлекеттік грант арқылы білім беруге қатысты өзгерістер «Білім туралы» Заңға 2016 жылы енгізілген еді. Осылайша, бірнеше жыл бұрын Парламент енгізген өзгерістерге сәйкес грант бойынша оқыған студенттер оқуларын аяқтаған соң мамандығы бойынша мемлекеттік мекемелерде 3 жыл жұмыс істеуге міндетті болатын. Тиісінше, бұл норма 2017-2018 академиялық жылдан бастап мемлекеттік тапсырыс есебінен жоғары оқу орындарына түскен барлық студентке қатысты қолданылады.

2021 жылдың басында грантты өтеуге қатысты заң талаптары жеңілдетілді. Соған орай ЖОО-да грант арқылы білім алған түлектер грантты мамандық бойынша бұрынғыдай тек мемлекеттік ұйымдарда ғана емес, жекеменшік мекемелерде де өтей алады.

«Бұған дейін мемлекеттік тапсырыс бойынша оқыған азаматтар грантты тек мемлекеттік ұйымдарда және 3 жыл көлемінде жұмыспен өтеуге міндетті болатын. Енді 2021 жылдан бастап икемді тәсіл қолданылады. Яғни биылдан бастап түлектер меншік нысанына қарамастан кез келген ұйымда және мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін оқыған жыл көлеміне сәйкес грантты жұмыспен өтей алады», деді Әділет Тойбаев.

Бұдан бөлек, жұмыспен өтеу мерзімі грант бойынша барлық 4 жыл көлемінде емес, тек белгілі бір уақыт аралығында ғана оқығандардардың пайдасына қарай қайта қаралды. Мысалы, білім алушы жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсіп, біраз уақыттан кейін жақсы үлгерімі үшін мемлекеттік білім грантын иеленуі немесе керісінше, грантта оқып жүріп, ақылы бөлімге ауысуы мүмкін. Бұл жағдайда азамат қанша жыл грант арқылы оқыса, грантты дәл сол мерзімге сәйкес өтей алады.

Соңғы жаңалықтар

Шыңғыстаудың Шәкірі

Әдебиет • Кеше

Жаны ізгі журналист

Егемен Қазақстан • Кеше

Ұқсас жаңалықтар