Тәжікістан мен Грузияның үш азаматы қала кәсіпкерлеріне қатысты ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға дайындалу кезінде ұсталды.
Қылмысты іске асыру барысында ТҰҚТ мүшелері Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп, Қазақстан аумағына астыртын болған.
Айта кету керек, 2019 жылы топ мүшелерінің бірі Қазақстанның құқық қорғау органдары тарапынан жауапқа тартылып, елден шығарылған еді. Ұсталғандар бұрын бірнеше мәрте сотталған және «ұрылар қауымдастығының» әрекетіне қатысы болған.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды заңсыз сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК 392-бабы (Мемлекеттік шекараны қасақана заңсыз кесіп өту) бойынша қылмыстық іс қозғалды.