1 наурызға қараған түні метеорит Англия аспанынан ұшып өтткен. Бірнеше күннен соң оның сынықтарын өз ауласынан елдің батысындағы Винккомб қаласының тұрғындары да кезіктірген.
Сол аумақта тұратын Уилкоктардың отбасы табылған метеорит қалдықтарын ғалымдарға тапсырды.
Олар кесектің құрамы көміртекті хондриттен тұратындығын және 4,5 миллиард жыл бұрын Күн жүйесімен бірге пайда болған материал екенін анықтаған.
Лондондағы табиғи тарих мұражайының мамандары бұл көміртекті хондрит Ұлыбританияда алғаш рет табылып отырғанын айтады.
Айта кетейік, соңғы рет Ұлыбританиядан метеорит сынықтары 30 жыл бұрын табылған.