Аймақтар • 12 Наурыз, 2021

Медеу мен Шымбұлақ жұмысын тоқтатты

716 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласында Медеу мен Шымбұлақ демалыс кешендерінің жұмысына шектеу қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz 

Медеу мен Шымбұлақ жұмысын тоқтатты

Енді бұдан былай сенбі және жексенбі күндері тауға көтерілетін эко-такси мен автобустар да арнайы кесте арқылы жүретін болады. Одан бөлек, қалада карантинге қарамастан ережеге қарсы жұмыс істейтін мейрамханалар да азаймай тұр. Бір аптаның ішінде Медеу ауданында 100-ден астам нысанның жұмысы тоқтатылып, 12 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Қала коронавирус бойынша «қызыл» аймаққа енгендіктен, алдағы күндері мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілетін болады.

«Медеу ауданы бойынша қаңтар, ақпан айларында коронавирус жұқтырған 20-25 адамдай тіркелсе, наурыз айының басында 100 адамға бірден жетті. Сондықтан алдағы демалыс күндері аймақта карантиндік шаралар күшейтіледі. Қала тұрғындарына түсіністік танытуын сұраймын», деді Медеу ауданының әкімі Әсет Масабаев.