Президент • 13 Наурыз, 2021

Мемлекет басшысы Юрий Аравинді «Отан» орденімен марапаттады

237 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ю.П. Аравинді «Отан» орденімен наградтау туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Юрий Аравинді «Отан» орденімен марапаттады
Ю.П. Аравинді «Отан» орденімен наградтау туралы

Қаулы етемiн:

1. Ұлттық мәдениетті және музыка өнерін насихаттау мен дамытуға қосқан ерекше еңбегі үшін музыкатанушы Юрий Петрович Аравин «Отан» орденімен наградталсын.

2.  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының 

Президенті                                                                          Қ.Тоқаев

 

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 13 наурыз

                № 535