Қоғам • 13 Наурыз, 2021

Ерлан Карин жер қатынастары жөнінде пікір білдірді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Telegram парақшасында жер қатынастары мәселесі Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің күн тәртібінде басты орындардың бірінде екенін айтып өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Ерлан Карин жер қатынастары жөнінде пікір білдірді

«2021 жылы 25 ақпанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіннің бесінші отырысында Мемлекет басшысы ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерді шетелдіктерге және шетелдік заңды тұлғаларға сатуға және жалға беруге тыйым салуды заңмен бекітуді тапсырды. Сонымен бірге, Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің заңнамалық бастамасы аясында заң жобасын дайындау қажеттілігіне назар аударды. Ұлттық кеңес отырысынан кейін Президент Әкімшілігі бірден тиісті жұмыстарды бастады. Заң жобасы тезірек дайындалып, мақұлданды», деп жазды Ерлан Қарин.

Ол осының нәтижесінде кеше Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне жерді шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салуды қарастыратын «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын жолдағанын айтты.

«Жер қатынастары мәселелері Ұлттық кеңестің алғашқы жұмыс күнінен бастап күн тәртібіндегі басты орынның бірін иеленгенін атап өткен жөн. Сондықтан, Президенттің ауылшаруашылық жерлерін шетелдіктерге сатуға және жалға беруге тыйым салу туралы шешімі ҰҚСК алаңында жарияланды. Бұл тағы да осы диалог алаңының өзектілігі мен тиімділігін көрсетеді», деді ол.

Еске сала кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жерді шетелдіктерге сатуға біржола тыйым салуды көздейтін заң жобасын Мәжіліске жолдаған еді.