Теннис • 13 Наурыз, 2021

Кукушкин теннис турнирінің іріктеу кезеңінде басымдық көрсетті

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандасымыз Михаил Кукушкин Дубайда өтіп жатқан ATP 500 турнирінің іріктеу сайысының бірінші партиясында қарсыласынан оқ бойы озық болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Кукушкин теннис турнирінің іріктеу кезеңінде басымдық көрсетті

Дүние жүзінің 96-ракеткасы М.Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингте 217-орында тұрған франциялық Максим Жанвьемен өткізді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші 7:5 есебімен басымдылық көрсетсе, екіншісінде М.Жанвье есе қайырды – 6:2.

Ал шешуші сетте М.Кукушкин айқын басымдылық көрсетіп 6:1 ұпайымен топ жарды. Бәсеке 1 сағат 53 минутқа созылды. М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 162-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиноны жеңсе, негізгі турнирге өтеді.