Аймақтар • 14 Наурыз, 2021

Түркістан облысында аудандар мен қаланың елді мекендері жарықсыз қалды

502 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысында ауа-райының күрт өзгеріп, екпінді жел 25-28 м/с дейін күшейді, жаңбырдың арты қарға айналды, деп хабарлайды Egemen.kz

Түркістан облысында аудандар мен қаланың елді мекендері жарықсыз қалды

Салдарынан облыстың Бәйдібек, Отырар, Ордабасы аудандары және Кентау, Арыс қалаларының кей елді мекендерінде электр тасымалдау желілері үзілген.

Қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр. Бұл аумақтарда 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған. Орын алған жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қала әкімдері құтқару қызметінің барлық техникалары дайын екенін мәлім етті.