Ауа райы • 14 Наурыз, 2021

Оңтүстік өңірде ауа райына байланысты бірқатар жол жабылды

393 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің оңтүстігінде ауа райының күрт нашарлауына байланысты бірқатар жол жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Оңтүстік өңірде ауа райына байланысты бірқатар жол жабылды

Түркістан облысында бірнеше бағыт бойынша жол-көлік қозғалысы тоқтатылған. Шымкент қалалық ТЖД мәліметінше, қатты жел мен жолдарда боран соғуына байланысты кешеден бері Созақ ауданындағы облыстық КХ-56 жолының бірқатар бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылған.

«Жамбыл-Құмкент-Шолаққорған» жолының 39-76 шақырымы аралығы және Кентау қаласында облыстық КХ-56 «Жамбыл-Құмкент-Шолакқорған» жолының 76-124 шақырымы аралығы жабылды.

Сондай-ақ сағат 18:00-де Созақ ауданындағы облыстық КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» автожолының 603-643 шақырымы аралығында, сағат 19:00-де облыстық КХ-190 «Кентау-Түркістан-Шәуілдір-Төрткөл» автожолының 36-90 шақырымы аралығында, сағат 22:25-ден бастап республикалық маңызы бар М-32 «Самара-Шымкент» тас жолының 2 095 – 2 057 шақырымы аралығында (Түркістан қаласынан Қызылорда облысынан дейін) барлық көлік түрінің жүруі тоқтатылды.