Теннис • 14 Наурыз, 2021

Отандасымыз Дубайда негізгі турнирге жолдама алды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Отандасымыз, теннисші Михаил Кукушкин Дубайда негізгі турнирге жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz

Отандасымыз Дубайда негізгі турнирге жолдама алды

Әлемдік рейтингте 96-орында тұрған М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзінің 162-ракеткасы, италиялық Лоренцо Джустиномен бәсеке түсті.

Алдыңғы ақпараттарымызда хабарлағандай, ол бірінші партияда қазақстандық теннисші айқын басымдылық көрсетті – 6:2. Екінші сетте де М.Кукушкин брейкпен алға шықты – 3:1. Тағы бір брейк – 5:2. Сосын матчқа доп бергенде, мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 6:2. Бәсеке 1 сағат 12 минутқа созылды. Осылайша қазақстандық спортшы негізгі турнирге жолдама алды.