Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оқиға кеше облыс орталығында болған.
– Павлодарда Естай көшесі мен Больничный тұйық көшесінің қиылысында жеке ұйым құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында шынжыр табанды кран электр беру желісіне аударылды, салдарынан 30-ға жуық жеке тұрғын үй электр желісінен ажыратылды, – деп хабарлады ведомство өкілі.
Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын «Қалалық электр желілері кәсіпорны» ЖШС жүргізді.
Оқиға орнында қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.