Жол учаскелері боран мен қатты желдің әсерінен жолда көрудің нашарлауы себебінен 329 рет жабылды. Шектеулер 78 мәрте – көктайғақ, 34 рет – ауа температурасының төмендеуі мен 98 мәрте – көршілес өңірлердегі қозғалыстың шектелуіне байланысты енгізілді. Айта кету керек, жол учаскелерін жабу бойынша Ақмола көш бастап тұр. Мұнда биылғы жылдың екі айында жолдар 111 рет жабылды. Екінші орында Шығыс Қазақстан облысы тұр. Аталған өңірде шектеулер 66 мәрте енгізілді.
Жыл басынан бері жолшылар барлығы 500-ге жуық көлік құралына көмек көрсеткен болатын. Олардың 109-ы жылы бокстерге орналастырылды. Ал 800-ден астам адам «Қазақавтожол» ЖШС жылыту пункттеріне орналастырылды.
Айта кетейік, былтыр сәйкес кезеңде ел жолдары 676 мәрте жабылған болатын. Автокөліктерге енгізілетін шектеулер – бұл мәжбүрлі, бірақ жолдардағы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қажетті шаралар.