Аймақтар • 15 Наурыз, 2021

Қапшағайдағы түбектің бір бөлігі сатылатыны рас па?

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысына қарасты Қапшағай әкімдігі түбектің бір бөлігін 340 млн теңгеге сату туралы ақпаратқа мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz

Қапшағайдағы түбектің бір бөлігі сатылатыны рас па?

Қапшағайдағы 5 гектар түбектің бір бөлігі сатылымға шығарылған. Krisha.kz сайтында нысан 340 миллион теңгеге сатылымға қойылған-ды. Хабарламада түбек жағажай бизнесін дамытуға арналғаны жөнінде жазылған. Әзірге аумақта нысандар салына қоймаған.

Алдын ала деректер бойынша жер учаскесі жеке тұлғаға тиесілі екен. Осыған орай әкімдіктің баспасөз қызметі мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінде көрсетілген мәліметтермен бөлісті. Заңнамадық негіздерге сәйкес жеке меншіктегі жер учаскесіне құқықты иеліктен шығару азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде жүргізіледі.

«Қапшағай әкімдігінің 2005 жылғы 29 шілдедегі қаулысымен 5 гектар жер учаскесі жекеменшікке берілді. Қазіргі уақытта 2017 жылғы 21 маусымдағы жер учаскесін сатып алу-сату шарты негізінде азаматтың атына тіркелген», деп хабарлады әкімдік өкілдері.

Сондықтан жер учаскесінің меншік иесі мемлекеттік органдар рұқсатынсыз, өз қалауы бойынша жер учаскесін иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыра алады.

«Ол өзінің жер учаскесіне қатысты Қазақстанның заңнамалық актілерінде тыйым салынбаған кез келген мәмілелерді жасауға құқылы», деп толықтырды ведомство өкілдері.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35