Әлем • 15 Наурыз, 2021

Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін ашады

219 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

14 наурызда ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Маминнің Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапары шеңберінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы арасында ҚР мен БАӘ арасында тұрақты рейстер ашу туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.

Wizz Air Abu Dhabi әуе компаниясы Қазақстанға рейстерін ашады

Мәлімдемеде «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының 2021 жылғы мамыр айының ортасынан бастап Абу-Даби мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары арасында тұрақты рейстер жасауға дайын екені көрсетілген.

ҚР мен БАӘ арасындағы әуе қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мақсатында тараптар көрсетілген рейстерді ашу мәселесі бойынша өзара іс-қимылды үйлестіріп, жүзеге асыруға келісті.

Айта кетейік, «Wizz Air Abu Dhabi» лоукостері Абу-Даби әуежайында орналасқан БАӘ-нің 6-шы ұлттық әуе компаниясы.