Спорт • 15 Наурыз, 2021

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтуде

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында бокстан Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған дәстүрлі XIХ  халықаралық турнир басталды. Турнирге  Қытай мен Өзбекстан елдерінен және еліміздің барлық өңірінен 130-ға жуық спортшы қатысуда. Олар 11 салмақ дәрежесі бойынша күш сынасады.

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған турнир өтуде

Жарыстың ашылу салтанатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев бокс жастарды қайсарлыққа, патриоттық рухын қалыптастыруға, өзара қарсыластарын құрметтеуге септігін тигізетінін атап өтті. «Еліміз өз Тәуелсіздігін алғалы бері елімізде спорттың бокс түрі қарқынды дамуда. Спортшыларымыз халықаралық ареналарда көк туымызды желбіретіп, Олимпиада ойындары мен Әлем және Азия чемпионаттарының жеңімпаздары және жүлдегерлері атанды. Жарысқа қатысушы боксшыларға сәттілік тілей отырып, шаршы алаңда тек мықтылардың жеңіп шығуына тілектеспін», деді  облыс әкімі. Ал Бекзаттың анасы Сарлыкүл Саттарханова батыр ұлы туралы естелік айтып, жарысты ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.

Бұл жарыста 2002-2004 жылдары туған жастар бақ сынауда. Жарыс жеңімпазы атанған боксшыға «Спорт шебері» атағы беріледі.

Сидней Олимпиадасының жеңімпазы, 1-дәрежелі «Барыс» орденінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген спорт шебері Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы бокстан XIХ  халықаралық турнирі 

наурыздың 20-на дейін жалғасады. Сайыс жеңімпаздары сәуір айында Польшада өтетін әлем чемпионатына жолдама алады.