Елорда • 16 Наурыз, 2021

Елордада қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшеді

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда шектеу және карантин шараларын қатаңдату туралы қаулыға қол қойды. Құжат 18 наурыздан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада қызметкерлердің 80%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшеді

Қол қойылған құжатқа сәйкес меншік нысанына және жұмыс істейтіндердің штаттық санына қарамастан барлық ұйымдар, кәсіпорындар қызметкерлерінің кемінде 80%-ы қашықтан жұмыс істеуі тиіс.

Сондай-ақ сауда, қызмет көрсету нысандарында, қоғамдық көліктерде және адам көп жиналатын орындарда дезинфекциялық іс-шаралар жүргізу бойынша жұмыстар күшейтілуде.

Жексенбі күндері елордада СОО, СО, СҮ (онда орналасқан дәріханаларды, сондай-ақ тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын және қызметі орналасқан жеріне қарамастан рұқсат етілген объектілерді қоспағанда), жабық азық-түлік емес базарлар, азық-түлік емес тауарларды сататын объектілер, жабық спорт объектілері, ХҚО, «Қазпошта» АҚ, сол сияқты қоғамдық көлік жұмысына тыйым салынады.