24 Сәуір, 2010

ТАЛАНТТАР ТОП ЖАРҒАН ФЕСТИВАЛЬ

556 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Ақтөбеге көктеммен ілесе келе­­тін “Жұбанов көктемі - 2010” халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің халықаралық фестивалі әдеттегідей Ғ.Жұба­нова атындағы облыстық филар­мония­да өтті. Қазақстанның кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, халық музыкасының асқан білгірі, Құрманғазы атындағы халық ас­паптар оркестрін құру­шы, ака­де­мик Ахмет Жұбановқа деген құрмет пен ықыластың айғағын­дай болған бұл фести­вальге қы­зығушылық жыл сайын артып келеді. Биыл оған еліміздің он облы­сының және Ресейдің Орын­бор, Магнитогор, Самара, Өзбек­станның Ташкент қала­сының өнер ұжымдары қатысты. Филармония директоры Есенгелді Дүйсенбаев­тың айтуынша, фес­тиваль­дің құрыл­тайшылары Мә­де­­ниет ми­нистрлігі мен облыстық мәдениет басқармасы екен. Екі күнге созыл­ған өнер додасына халық әртісі, композитор, дири­жер, профессор Алдаберген Мыр­за­беков бастаған қазылар алқасы он үш оркестр мен ансамбльдің орындаушылық шеберлігін, репер­туар таңдаудағы талғампаз­дығын сарапқа салды. Бұл құрам­да Ресей­дің еңбек сіңірген әртісі, про­фессор Борис Ворон­ның, Қыр­ғызстанның еңбек сіңірген өнер қайрат­кері Рысбек Жұма­құновтың болуы­ның өзі-ақ өнер ұжым­дарына қойылар талап­тың қанша­лықты жоғары болға­нын аңғартса керек. Өнер сайысының қорытын­дысында Алматы қаласының “Са­рын” фольклорлық және Самара мемлекеттік филармония­сының орыс халық аспаптар ан­самбльдері Гран-При жүлдесін жеңіп алды. Жүлделі орындарды Талдықорған қаласының Сүйінбай атындағы облыстық филар­мониясының,  Мұқан Төлебаев атындағы қазақ халық аспаптар және Ташкенттің “Согдиана” өзбек ұлт аспаптар   оркестрі Ғ.Жұбанова атындағы об­лыстық филармонияның “Арайлы Ақтөбе” және Н. Жантөрин атын­дағы Атырау облыстық филар­мониясының “Мұрагер” ан­самбль­дері бөлісті. Жеке орын­даушылар арасында талды­қорғандық Ғ. Ырза (баритон), ташкенттіктер М.Болтабоева (сопрано), Н.Ибрагимов (рубаб-прима), ақтөбеліктер Г.Сағын­ғанова (халық әні), А.Кене­гесов (домбыра), маңғыстаулық Г.Бер­мағанбетов (баритон), орын­борлық Г.Авдеев (балалайка), қызыл­ордалық С.Байсейітов (сопрано) “Фестивальдің үздік орындау­шысы” атағына ие болды. Сатыбалды СӘУІРБАЙ. Ақтөбе облысы.