Қоғам • 16 Наурыз, 2021

Елордада рұқсатсыз орынға қоқыс шығарғандар 3 млн теңге айыппұл төлейді

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санкцияланбаған қоқыс үйінділерінің пайда болуын болдырмау, сондай-ақ елорда аумағының экологиялық жағдайын сақтау мақсатында қалада құрылыс объектілерінің тиісті қағидаларды сақтауы және Экополигонға құрылыс қоқыстарын шығару жөніндегі шарттық міндеттемелерді орындау тұрғысынан рейдтік тексерулер мен мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада рұқсатсыз орынға қоқыс шығарғандар 3 млн теңге айыппұл төлейді

Рейдтік іс-шаралар Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің, Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының, Нұр-Сұлтан қаласы Экология департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің, «Эко полигон Астаны» ЖШС және «Клин сити» ЖШС бірлескен күш-жігерімен жүргізіледі.

Мәселен, 2021 жылдың ақпан және наурыз айларында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті табиғат қорғау полициясы бөлімшесінің қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабының «абаттандыру ережелерін бұзғаны үшін...» шағын және орта бизнестің 151 субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 29 құрылыс ұйымы мен 31 мердігерлік ұйымға жалпы сомасы үш млн теңге айыппұл салынды. Белгіленбеген орында қоқыс шығарғаны үшін жүк көлігінің 10 жүргізушісіне 460 мың теңге айыппұл салынды.

Айта кету керек, рейдтік іс-шаралар ары қарай да жалғасады. Заңды қасақана бұзушыларды құрылыс лицензиясынан айыруға, жүк тасымалдау қызметін тоқтатуға дейінгі қатаң шаралар қолданылады.

Соңғы жаңалықтар

Еріктілер күш біріктірді

Волонтер • Бүгін, 10:51