Елдің денсаулық министрлігі ол адам денсаулығына аса қауіпті емес екенін алға тартады.
Десе де, аурудың бұл түрін анықтау қиынға соққан. Вирусты жұқтырған адамдарда SARS-CoV-2-нің симптомдары байқалған. Ең қызығы, ПТР тест сынамаларының нәтижесі теріске шыққан.
«Коронавирустың жаңа түрі Кот-д`Армор департаментінің Ланьон орталығында ауруханадан тіркелді. 13 наурызда 79 жағдай белгілі болып, оның 8-і коронавирустың жаңа түрінен табылған. Олар секвестрлеу арқылы анықталды», дейді денсаулық министрлігінің өкілі.
Алдын ала мәлімет бойынша, мамандар оның «қауіпсіздігі мен адамға тарауы туралы» әлі шешім шығармаған. Мамандар вирусты зерттеумен айналысып жатыр және вирустың бұл түрі «алдыңғы вирус кезінде қалыптасқан антидене мен вакцинацияға» қалай әсер ететінін зерттейді.
Сол себепті ел билігі коронавирустың жаңа түрі туралы ақпаратты халықаралық денсаулық сақтау органдарына жіберген.