– Жедел қызметкерлер ауыр алаяқтық үшін іздеуде жүрген 1991 жылы туған қылмыскерді ұстады. Жас жігіттің қымбат көлік сатуды сылтауратып, мүлікті иемденгені және қаражатты өз пайдасына жымқырғаны анықталды. Ұсталған адам қылмыстық әрекеттерімен жәбірленушілерге жалпы сомасы 100 млн теңгеден астам материалдық залал келтірді, – деді Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы ҚК 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде Павлодар облысының полиция департаменті күдіктінің осыған ұқсас схема бойынша жасалған алаяқтыққа қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.