Коронавирус • 17 Наурыз, 2021

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

156 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Санитариялық - эпидемиялық бақылау комитеті өткен тәулікте елімізге халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар жайында мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шетелден келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ

Кеше Қазақстанға Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Египет, Түркия, Украина, Ресей Федерациясы, Грузия, Өзбекстан және Қырғызстаннан 27 халықаралық әуе рейсі келді. 3 640 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 3 429 адам, анықтамасыз 211 Қазақстан азаматы келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 17 рейс, 2 366 жолаушы, анықтамамен – 2 195, анықтамасыз - 171;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 584 жолаушы, анықтамамен - 568; анықтамасыз - 16;

Шымкент қаласының әуежайына – 4 рейс, 543 жолаушы, анықтамамен - 519; анықтамасыз - 24;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 147 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 15 наурызда шетелден анықтамасыз келген 150 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.