Қазақстан • 17 Наурыз, 2021

Ақпан айында ел тұрғындары 2300-ден астам алтын құйма сатып алды

23 рет көрсетілді

2021 жылдың ақпан айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктер мен жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 59,2 кг 2 309 құйма сатып алды, деп хабарлайды Egemen.kz банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлттық Банк халыққа тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасын 2017 жылы қолға алған болатын. Бағдарлама жүзеге асырыла бастағаннан бері жалпы салмағы 1,74 тонна 47 302 алтын құйма сатылды.

Алтын құймалардың бес түрі ұсынылған: 5, 10, 20, 50 және 100 г. Тазартылған алтын құймаларды сату және сатып алу бағдарламасы іске асырылғалы халық арасында ең көп сұранысқа ие болғаны – 10 грамдық құйма.

Жалпы сатылымдағы оның үлесі 28% – 12 932 дана. Одан кейін 100 грамдық құйма - 10 830 дана (23%) және 20 грамдық - 10 637 дана (22%), 5 грамдық – 7 235 дана (15%), 50 грамдық – 5 668 дана (12%). Негізінен өлшенген құймалар Алматы, Нұр-Сұлтан және Атырау қалаларында сұранысқа ие.

Алтын құймалар сенімді инвестициялық құрал бола алады. Банктер мен банктік емес айырбастау пункттерінің клиентке ақшасын төлеп, құймаларды «күнбе-күн» сатып ала алатын мүмкіндігі – алтын құймалар нарығының өтімділігін қамтамасыз етуде негізгі факторға айналып отыр. Бағдарлама іске қосылған уақыттан бері жалпы салмағы 3,7 кг  өлшенген тек қана 140 құйма сатып алуға қабылданды. Бұл, әрине, алтын құймалардың ұзақ мерзімді инвестициялау мен жинақтау құралы болып табылатынына байланысты.

Әр құйма қорғаныс элементтерімен (құймалардың айна беті, микротекст және рельефтің шеті), құймаларды механикалық зақымданудан қорғайтын және пакеттің ашылған-ашылмағанын тексеруді жеңілдететін арнайы қаптамада шығарылады. Қорғаныс қаптамасы, сонымен қатар, құйманың сапа сертификаты бола алады. Сондықтан құйманы сақтағанда мұқият болып, ораманы ашпаған жөн.

Қазіргі уақытта алтын құймаларды Halyk Bank-те, Еуразиялық банкте, Jusan Bank-те, Банк ЦентрКредитте, сондай-ақ банктік емес айырбастау пункттерінде сатып алуға және сатуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Оралда тұрғын үй өртенді

Аймақтар • Бүгін, 13:45

Рубль бағамы 6 теңгеден асып кетті

Экономика • Бүгін, 12:23

Жеті өңір «жасыл» аймақта

Қазақстан • Бүгін, 09:08

1459 адам коронавирустан жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:04

1642 адамнан коронавирус анықталды

Коронавирус • Бүгін, 09:00

Өрт сөндіру бекеті ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Спорт жаңалықтарына шолу

Спорт • Бүгін, 08:49

Басқа басылымдарға шолу

Әлем • Бүгін, 08:32

Алаш аманатына адал жан

Қазақстан • Бүгін, 08:21

Ұқсас жаңалықтар