Қазақстан • 17 Наурыз, 2021

Өткен тәулікте 5 адам «Қазавиақұтқару» тікұшақтарымен ауруханаға жеткізілді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 наурызда ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» өндірістік-диспетчерлік қызметіне Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығынан науқастарды шұғыл тасымалдауға көмек көрсету үшін 5 жедел өтінім берілді.

Өткен тәулікте 5 адам «Қазавиақұтқару» тікұшақтарымен ауруханаға жеткізілді

Елдің бес өңірінде тұрақты орналасқан жерінен санитариялық авиация желісі бойынша ұшуларды орындауға Eurocopter ЕС-145 және КА-32А11ВС әуе кемелері лезде ұшып шықты. Шығыс Қазақстан облысында Ақжар ауылынан жаңа туған нәрестені, Ка-32А11ВС әуе кемесімен Алматы облысында Үшарал қаласынан әйелді, Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласынан нәрестені, Павлодар облысында Екібастұз қаласынан қарт ер адамды және Ақтөбе облысы Хромтау қаласынан қарт әйелді тасымалдады. Барлық науқастар жедел медициналық көмек көрсету үшін жедел түрде ауруханаларға жеткізілді.

Науқастарды тасымалдау бойынша барлық ұшулар Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медицина қызметкерлері мен «Қазавиақұтқару» Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациялық құтқару бөлімшесі ұшқыштарының үйлесімді жұмысының арқасында оқыс оқиғасыз сәтті аяқталды.