«Қазақстанда 17 наурыздағы жағдай бойынша COVID-19-ға оң нәтижемен 226 767 науқас және КВИ- 49 896 жағдай тіркелді. Ақпан айында қаңтармен салыстырғанда науқастар саны 30%-ға төмендегені байқалды. Сонымен қатар соңғы 5 күн ішінде тәулігіне 1000-нан астам жағдай анықталды. Соңғы аптада алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастар саны 12%-ға өсуі байқалады», деді Е. Қиясов.
Оның айтуынша, Қазақстан жасыл аймақтан сары аймаққа ауыстырылды. Қазір қызыл аймақта 3 өңір, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Батыс Қазақстан облысы тұр. Ақмола, Алматы, Атырау, Қарағанды облыстары сары аймақта, қалған облыстар жасыл аймақта орналасқан.