Жұмыс сапарының алғашқы күні Жаңақала ауданында болды. Республикалық «Парасат жолы» орталығының басшысы С.Түгел және Агенттік Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева аудандық кітапхананың және «Парасат жолы» орталығының жұмыстарымен танысып, зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізді.
Аудан әкімі Наурызбай Қарағойшин ауданда жүргізіліп жатырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы ақпараттандырып, парасаттылықты қалыптастыруда рухани құндылықтардың ерекшеліктерін атап өтті.
Кездесу барысында Агенттік Төрағасының кеңесшісі Ж.Жылқышиева елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталып, «Парасат жолы» жобасының маңыздылығы түсіндірді.
«Парасат жолы» жобасы Агенттік және Мәдениет және спорт министрлігі бастамасымен бастау алған. Ол зиялы қауым өкілдерін қатыстыра отырып адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жаңа жоба болып табылады.
Шара модераторы, Қазақстан журналисттер Одағының және Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ақын З.Сисенғали мұндай іс-шараның маңыздылығын айта келіп, ақын-жазушылардың еңбектері ерекшелігіне тоқталды.
Өз кезегінде, ауданның зиялы қауым өкілдері атқарылып жатырған жұмыстарға белсене араласатындықтарын атап өтіп, «Парасат жолы» жобасына сәттілік тіледі.
Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.