– Қазір емханаларды түрлі техника, қажетті құралдармен жабдықтау жалғасуда. Бұл тұста кәсіпкерлер де көмегін аяп жатқан жоқ. Мәселен, өткен жылы аудан кәсіпкерлері мен сыртта жүрген азаматтарымыз демеушілік жасап, құны 54 млн 223 мың теңге көлемінде қаржылай және заттай көмек жасады. Оның ішінде дәрі-дәрмек, керекті құрал-жабдықтар, оттегі баллондары мен концентраторлар, рентген мен ИВЛ аппараттары алынды. Коронавирус инфекциясын таралуына жол бермеу мақсатында сақтық шарасына аса мән берудеміз, – деді аудан әкімі Мұса Қалдарбеков.
Қазір ауданда 4 рентген аппараты жұмыс істеп тұр. Оның екеуі аудандық ауруханада, екеуі Төретам ауылдық ауруханасында. Айта кетейік, былтыр ауданға демеушілер есебінен 12 өкпені жасанды желдету аппараты, 46 оттегі концентраторы алынды.