Ауа райы • 18 Наурыз, 2021

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

1695 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына байланысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктердің мәліметіне сенсек, қолайсыз метеорологиялық жағдай Теміртау және Нұр-Сұлтан қалаларында сақталады. Өзге қалаларда метеоахуал бірқалыпты болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.