Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзғандар анықталды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорданың мобильді топтары шектеу шараларын бұзуға жол бермеу және жолын кесу бойынша қоғамдық тамақтану орындары мен карантиндік режимді әлі күнге дейін елемейтін басқа да кәсіпкерлік объектілерін анықтау жалғасуда. Қалалық барлардың бірінде бірден бірнеше өрескел бұзушылық анықталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін бұзғандар анықталды

Есіл ауданында орналасқан Chechil Pub барында 17 наурыздан 18-іне қараған түні бір уақытта 80 адам болған, бұл карантин режимін бұзу болып саналады. Сонымен қатар, бір үстелге 9-10 адам отырып, келушілердің әлеуметтік қашықтықты сақтамағаны белгілі болды.

Алматы ауданында мобильді топ Elite cyber sport компьютерлік клубын анықтады.
Кеше түнде Сарыарқа ауданында екі бұзушылық тіркелді: "Замандостар" кафесінің қызметкерлері жұмыс орнында бетпердесіз жүрсе, "Биньковский" бары сағат 00.00-ден кейін жұмыс істеді.
Карантиндік шаралардың бұзылғаны туралы материалдар әкімшілік жауапкершілікке тартылу үшін тиісті органдарға жіберілді.

Естеріңізге сала кетейік, 10 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан эпидемиологиялық ахуал бойынша "қызыл аймаққа" енді. Карантиндік шектеулерді бұзушылықтарды анықтау және болдырмау бойынша мониторингтік топтардың жұмысы күшейтілген режимге ауыстырылды.

Жақында елорданың бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулерді қатайту туралы Қаулыға қол қойды. Оған сәйкес жексенбі күндері бірқатар кәсіпкерлік нысандарының жұмысына тыйым салынады. Құжат бүгін, 18 наурызда күшіне енді.