Мәскеуден (РФ) Бішкекке (ҚР) бағыт алған «ДАФ» маркілі автокөлігін инспекциялық-тексеріс құрылғысы (ИТҚ) мен талшықты-оптикалық эндоскопты қолдана отырып тексеру барысында «үй жиһаздары» негізгі жүгінің астына жасырылған 19 200 дана (80 қорапта 240 орау) «Зиннат» (ішке қабылдау үшін суспензия дайындауға арналған түйіршіктер) дәрісі анықталды. Өткізілмек болған жүктің рұқсат құжаттары болмай шықты. Дәрі-дәрмектің бағалау құны 36 384 000 теңгені құрады.
Қазақстан аумағы арқылы дәрілік заттарды заңсыз алып өтудің бірінші әрекеті емес екенін атап өту қажет.
Ұсталған жүк Ақтөбе облысының Экономикалық тергеу департаментіне берілді.