Аймақтар • 18 Наурыз, 2021

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі жұмыс сапарымен Қарағандыға барды

268 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі полковник Ибрагим Күлшімбаев пен ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі жұмыс сапарымен Қарағандыға барды

Жұмыс сапары барысында ТЖМ бөлімшелерінің күштері мен құралдарының алдағы су тасқыны кезеңіне дайындығы тексерілді. Сондай-ақ, сапар барысында өрт сөндіру бөлімдері мен №52859 әскери бөлімінің жеке құрамымен кездесулер өткізілді.

ТЖ бірінші вице-министрі мен ӨҚҚК төрағасы бөлімшелердің материалдық-техникалық жарақтандырылуын, қызметкерлердің жабдықталуын, олардың жұмыс жағдайларын тексерді.

Қарағанды облысының аумағында орналасқан ТЖМ барлық бөлімшелері алдағы су тасқыны кезеңінде жүктелген міндеттерді орындауға дайын. Жарақта өтімділігі жоғары және инженерлік техника, оның ішінде жеке құрамды тасымалдауға және халықты эвакуациялауға арналған өтімділігі жоғары вахталық автобустар, батпақ-жол талғамайтын көліктер, жүзу құралдары, мотопомпалар, оның ішінде тіркемелі, сондай-ақ гидрокостюмдер бар.

Қарағанды облысының құтқару бөлімшелері Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы су тасқыны кезеңінің шиеленіскен жағдайда көмекке келуге дайын.

Су тасқыны кезеңінің ықтимал асқынуына жедел ден қою мақсатында көрші өңірлерге марш жасау үшін 100-ден астам адам мен 17 бірлік техника дайындалды. Құтқару топтары авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстарды жүргізу үшін қажетті киім-кешекпен және жабдықпен қамтамасыз етілген.

Қарағанды облысында су тасқыны кезеңіне барлығы 6700-ден астам адам және 1900-ден астам техника бірлігі бар азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесінің күштері мен құралдары дайындалды.