Қазақстан • 19 Наурыз, 2021

ПТР-тест құны туроператор пакетіне енгізіледі

129 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда міндетті ПТР-тестілеу құнын демалушы азаматтар есебінен туроператорлар пакетінің құнына енгізу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Egemen.kz ДСМ-ге сілтеме жасап.

ПТР-тест құны туроператор пакетіне енгізіледі

Бұл шешім туристік операторлармен, «Атамекен» ҰКП-мен, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиямен талқылау қорытындысы бойынша қабылданды.

Бүгінгі таңда шетелден келгендердің 80%-ында ПТР анықтамасы болмаған. Олардың 41% - ы Египеттен, 27% - ы Мальдивтен, 16% – ы БАӘ-мен және 8,3% - ы Түркиядан келген.

Айта кетейік, шетелден келген демалушылардың 80%-ында коронавирус инфекциясы анықталып отыр, оның ішінде: Египеттен – 96 адам, Түркиядан - 50, БАӘ - ден-51.