Саясат • 19 Наурыз, 2021

Қазақстан елшісі Швецияның короліне сенім грамоталарын тапсырды

260 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан елшісі Сергей Нұртаев Швецияның королі Карл XVI Густавқа сенім грамоталарын Швеция Сыртқы істер министрлігінің Протокол департаменті арқылы арнайы тәртіппен тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан елшісі Швецияның короліне сенім грамоталарын тапсырды

Швеция Сыртқы істер министрлігі Протокол департаментінің Басшысы Мария Кристина Лундквистпен кездесу барысында С.Нұртаев биыл Қазақстан өзінің Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатқандығын және осы жылдар ішінде біздің ел Швецияны маңызды сыртқы саяси әріптес ретінде қарастырып келе жатқанын атап өтті.

М.Лундквист Қазақстан басшылығының бітімгершілік бастамалары, елдің заманауи саяси дамуы, Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіз елдің қалыптасуы мен нығаюындағы және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудегі рөлімен танысып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған бейбіт жиналыстар бостандығын, жала жабуды декриминализациялау, гендерлік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған серпінді заңдар туралы ақпарат алды.

2017-2018 жылдардағы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шеңберіндегі Қазақстан мен Швеция арасындағы саяси өзара іс-қимылдың оң тәжірибесі атап өтілді. БҰҰ-дағы қазақстандық және швед делегациялары осы жылдарда бейбітшілік пен қауіпсіздік мәселелерінде бірлесіп және белсенді жұмыс істеп келеді, осыған байланысты қазақстандық дипломат бұл тәжірибені халықаралық ұйымдар алаңдарында, атап айтқанда 2021 ж. Швецияның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі кезінде барынша жалғастыруды ұсынды.

Сонымен қатар, әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды, өзара сауданы тереңдетуге және инвестицияларды тартуға қызығушылық білдірілді.

Протокол департаментінің басшысы елшіге қазақстандық-швед ынтымақтастығын нығайту жолында табысты және жемісті жұмыс тіледі.