Аймақтар • 19 Наурыз, 2021

Алматыда «миналанған» 34 мектеп тексерілді

2020 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Саперлер Алматыда «миналанған» 34 мектепті тексеріп шықты. Жарылғыш құрылғылар табылған жоқ, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда «миналанған» 34 мектеп тексерілді

Бұған дейін, Алматының 12 мектебінде жарылғыш заттар іздестіріліп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз. Кейін «миналанған» мектептер саны 34-ке жетті. Белгісіз адам ақша аударуды талап еткен. Егер ақша аударылмаса, мектептерді жарып жіберетінін айтқан.

«Полицияның саперлік бөлім қызметкерлері 34 мектеп бойынша тексеруді аяқтады. Ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ», деді Алматы Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Аталған факті ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жарылғыш зат туралы хабарлама қалдырған адамның жеке басын анықтауға және оны одан әрі ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

 

Соңғы жаңалықтар

Нәзік иықтағы ауыр жүк

Әйел әлемі • Бүгін, 09:35

Арманына жеткен ару

Әйел әлемі • Бүгін, 09:30

Талапкерге қанат бітірген

Әйел әлемі • Бүгін, 09:25

Мейрам қарсаңындағы марапат

Тағзым • Бүгін, 09:20

Ел анасы, ерте оянған санасы...

Әйел әлемі • Бүгін, 09:10

Қазақ әйелдерінің шежіресі

Тарих • Бүгін, 09:05

Шаршы тақтаның шаһбазы

Шахмат • Бүгін, 09:00

Шекісудің де қайыры бар

Спорт • Бүгін, 08:50