«Сәуір айында Қазақстанда 1 млн астам азаматты COVID-19-ға қарсы вакциналау жоспарлануда. Республика бойынша халықты КВИ-ге қарсы кезең-кезеңімен вакциналау жалғасып жатыр. Бүгінде еліміздің өңірлеріне 145 мың доза вакцина жеткізілді. Ал биыл наурыздың соңына дейін қосымша 150 мың дозаны жеткізу күтіліп отыр. 2021 жылғы 19 наурыздағы жағдай бойынша 100 мыңнан астам адам егілді, оның ішінде 63 мыңнан астам медицина қызметкері, 22 мың педагог, күш құрылымдарының 7 мың қызметкері, 8 мың азаматтардың басқа санаттары», деп жазды министр Facebook-те.
Министрдің айтуынша, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністердің ауыр жағдайлары тіркелген жоқ.
«Бұл ретте егілген адамдардың 1%-ында күтілетін реакциялар, мысалы, дене температурасы көтерілген тұмауға ұқсас жай-күйлер, жалпы әлсіздік, сондай-ақ вакцина енгізілген жердің ісінуі және қызаруы түріндегі жергілікті көріністер тіркелуде. Халықты одан әрі иммундау мақсатында биыл сәуір айында 1 млн астам азамат вакцинацияланатын болады. Осыған байланысты созылмалы аурулары бар диспансерлік есепте тұрған, 65 жастан асқан адамдарды, сондай-ақ азаматтардың басқа да санаттарын қоса алғанда, вакцинациялауға жататын халық топтарын кеңейту көзделуде. Вакцинация КВИ-мен күресудегі ең тиімді шара болып табылады», деп түйіндеді Денсаулық сақтау министрі.
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой сәуір айында елімізде коронавирусқа қарсы 1 миллионнан астам азаматты вакциналау жоспарланып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
Елорда мектептерінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі
Елорда • Бүгін, 11:10
58 мектеп білім беру қызметін лицензиясыз жүргізген
Мектеп • Бүгін, 10:58
СҚО-да тағы бір ауыл арақ-шараптан бас тартты
Қоғам • Бүгін, 10:43
Қылмыстық сот төрелігі бойынша форум өтті
Заң • Бүгін, 10:26
Ақтөбе облысында лауазымды тұлға 1,5 млн теңге көлемінде пара алған
Оқиға • Бүгін, 10:00
Оқиға • Бүгін, 09:55