Қазақстан • 20 Наурыз, 2021

2009 жылғы Ұлт­тық халық санағында жіберілген қа­те­ліктерден қорытынды шы­ға­ра алдық па?

539 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бұл сұраққа «Egemen Qazaqstan» газетінде ұйымдастырылған «Ұлттық халық санағы: ұпай түгенделетін тарихи сәт» атты дөңгелек үстелінде Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статис­тика бюросы басшысының орынбасары Нияз Көшкімбаев жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

2009 жылғы Ұлт­тық халық санағында жіберілген қа­те­ліктерден қорытынды шы­ға­ра алдық па?

– 2009 жылғы халық санағы дәстүрлі әдіспен өтті. Яғни санақшылар респонденттерден алған мәліметтерді қағаз блан­кілерге қолмен толтырды және санақ­шыларға міндетті түрде баспа әріп­терімен жазу талабы қойылды. Санақ аяқталғаннан кейін толтырылған бланкілер деректерді тану үшін сканерден өткізілді. Алайда, жоғарыда атал­ған талапты кейбір санақшылар дұрыс орындалмауына байланысты, бланкілердегі деректер (әріптер мен сандар) сканерден өткенде оқылмай, оларды операторлардың қайтадан толтыруына тура келді. Бланкілерді қайтадан толтыруға байланысты, деректерді форматты логикалық бақылаулардан тексеру барысында көптеген қателер анықталып, респонденттерден мәліметтерді қайтадан нақтылау қажет болды,  – деді Нияз Көшкімбаев.

Сонымен қатар ол респонденттердің ЖСН-і қолданыл­ма­ғандықтан, қайталанған деректерді салыстыру мүмкіндігі болмағанын айтты.

– Осы мәселелердің барлығы халық санағы қорытындысы бойынша статистикалық деректерді қалыптастыру үшін сапасына қосымша уақытты және қаражатты талап етті. Осы орайда аталған қателіктерді болдырмау мақсатында, биылғы халық санағын өткізу барысында, алғашқы 15 күнде, интернет сауал салу өткізіледі. Онда респонденттерге санақтан өздігінен өтуге, санақ парақтарын толтырудың әрбір кезеңіндегі нұсқаулықтар мен әзір-жауаптар, сондай-ақ виртуалды кө­мекшінің көмегімен оларды толты­ру­ға мүмкіндік беретін sanaq.gov.kz. мамандандырылған сайтта интернет желісі арқылы респонденттер өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне санақ парақтарын өздігінен толтыра алады.

Интернет сауал салуымен қатар, сұх­баттар мен мәліметтерді жинау үшін халыққа жаппай сауал салу жүргі­зіле­тін болады. Алынған жауаптар бар­лық арифметикалық-логикалық бақы­лауларды ескере отырып, планшеттерге тірке­леді. Интернет арқылы мәліметтер ұсын­ған респонденттер сұхбаттардың сауал салуына жатпайды. Халыққа сауал салу кезінде респондентті сәйкестендіру ре­тінде сауал салынатын адамның ЖСН-і пайдаланылатын болады, – деді Ұлттық статис­тика бюросы басшысының орынбасары.