Өнер • 21 Наурыз, 2021

Танымал «Наурыз-думан» әніне бейнебаян түсірілді

648 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Танымал «Наурыз-думан» әніне алғаш рет бейнебаян түсірілді, деп хабарлайды Egemen.kz Jevis продакшн-студиясына сілтеме жасап.

Танымал «Наурыз-думан» әніне бейнебаян түсірілді

«Жаңа жылға жаңа тарту! «Наурыз-Думан« әніне түсірілген тұңғыш бейнебаянның әлемдік тұсаукесері! 32 жыл шырқалған әннің алғашқы бейнебаянын әз-Наурызға әзиз үмітін жалғайтын баршаға Jevis командасы ұсынып отыр. Ұлыс оң болсын, ағайын!»,  делінген хабарламада.

Әнді Роза Рымбаева, Мәди Сыздықов, AYREE, Қарақат Башанова, ӘMRE, Ержан Максим шырқады.

Танымал әннің сөзі Мұқағали Мақатаевтыкі, әнін композитор Талғат Сарыбаев жазған.

«Наурыз мейрамының ал­ғаш тойлана бастаған кезі бола­тын. 1988 жылы Мұқағали Ма­қа­таевтың кітабын алып композитор Талғат Са­рыбаевқа бардым. Ақынның «Наурыз-думан» өлеңіне ән жазып беруін өтіндім. Өзімнің болашақ туындыны қалай кө­ріп тұрғанымды сөзбен сурет­теп бердім. Композитор ойым­ды бірден түсінді. Мен қала­ған мінез бен стильде ән жазды. Жол­дасым Тасқын Оқапов – му­зы­каның білікті маманы еді ғой. Өзі режиссер, өзі композитор, өзі ән өңдеуші болатын. Жаңа туындыны бірден ұнатты. Содан «Наурыз-думанды» тұ­тас композицияға айналдыруды ұсынды. Оның ұсы­­ны­сымен әннің ортасына атақты «Шер­нияз» күйін қос­тық. Әннің ұлт­тық бояуы қа­лыңдап, тынысы кеңіп, қа­зақ­тың нағыз болмысын, қо­нақ­жай да дархан пейілін көз ал­дыңызға келтіретін ән­мен тың­дарман осылайша қау­ыш­ты» деп еске алады Қазақстанның халық әртісі, атал­мыш әннің алғашқы орындаушысы Роза Рымбаева.

Клиптің режиссері Жансая Көпбаева, қоюшы операторы Еркінбек Пітірәлиев, суретшісі Бекен Нарбай. Әуенді өңдеуші Әли Оқапов.