2021 жылдың 26 қаңтарынан бастап Малазияға ұшып келген екі жастан асқан барлық әуе жолаушылары үш күн ішінде алынған COVID-19 теріс нәтижесі көрсетілген ПТР анықтамасын ұсынулары тиіс.
⠀
Сонымен қатар, мемлекетке келген барлық адамдар Малайзия Үкіметі белгілеген мекемеде міндетті карантиннен өтулері керек (7 күн), анықтамасыз келген жолаушылар ПТР-тестілеуден өткізіледі (карантин 10 күнге дейін ұзартылады).
⠀
ПТР тестілеу мен карантиндік стационарға орналастырумен байланысты барлық шығындар (976 доллар немесе 1085 доллар - анықтаманың болуына байланысты) саяхатшының есебінен жүргізіледі.
⠀
Бұдан бөлек, шетел азаматтарына карантинге орналасу жағдайларын таңдау құқығы берілмейді - бұл қонақ үй, отель, санаторий немесе емхана болуы мүмкін.