Өткен тәулікте 7 оқушы мен 2 студенттен коронавирус анықталды.
Облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева:«Ақтөбе қаласындағы №63, 64, 78 және «Ақбөбек» және Хромтау аудандық №2 мектеп-гимназияның оқушыларынан вирус анықталды. 1, 2, 3, 4, 5-сынып және мектепке даярлық тобында оқитын оқушылардың бәрі оффлайн дәріс алған.
Көбі науқас адамдармен қарым-қатынаста болғаны үшін тексеріліп, вирус жұқтырғаны белгілі болды.
Одан бөлек, колледж және университет студенті де COVID-19 жұқтырған. Екеуі де онлайн оқыған», деп айтып өтті.