Үкімет • 23 Наурыз, 2021

Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының қосымша 4 млн дозасы жеткізілмекші

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанға «Спутник V» вакцинасының қосымша 4 млн дозасы жеткізілмекші

Келіссөздер барысында Қазақстанға «Спутник V»коронавирусқа қарсы вакцинасының қосымша 4 млн дозасын жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар кездесуде COVID-19 таралуына қарсы күрес және екі елдің экономикалары үшін пандемияның салдарын жою бойынша бірлескен шараларға ерекше назар аударылды.

«Вирустың таралуын жеңу үшін біздің елдеріміздің күш – жігерін, оның ішінде халықты жаппай вакцинациялау мәселелерінде үйлестірудің жоғары деңгейі қажет», деп атап өтті Асқар Мамин