Елорда • 23 Наурыз, 2021

Елордада 1 700-ден астам жол жұмысшы қар күреуге шықты

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада өткен тәулікте 31 мың текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордада 1 700-ден астам жол жұмысшы қар күреуге шықты

22 наурыздан 23-іне қараған түні қаланың жолдарын, тротуарларын, алаңдары мен басқа да қоғамдық аумақтарын санитарлық тазалауға 450-ден астам арнайы техника мен 100-ге жуық жол жұмысшы жұмылдырылды. Бір тәулік ішінде елордадан 31 мың текше метр қар шығарылды.

Бүгін, яғни 23 наурызда қар күреуге 960 арнайы техника мен 1700-ден астам жол жұмысшы жұмылдырылды.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласында қар күреу жұмыстары кешкі және түнгі уақытта қарқынды жүргізіледі.

Бірінші кезекте, ереже бойынша жолдарда кептеліс болмауы үшін қозғалысы өте қарқынды учаскелер тазартылады. Одан әрі орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңындағы аумақтар, тротуарлар және т.б. қардан тазартылады.

Жиналған қар елордада орналасқан 11 полигонға шығарылады. Полигондарда бақылау үшін фото және бейнекамералар орнатылған.