Елорда • 23 Наурыз, 2021

Нұр-Сұлтан әуежайы жабылды

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан әуежайы уақытша жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Нұр-Сұлтан әуежайы жабылды

«Нұр-Сұлтан қаласының әуежайы сағат 16:30-дан 20:00-ге дейін қар тазалау жұмыстарын жүргізу үшін жабылды. Айта кетерлігі, «Қызылорда-Нұр-Сұлтан» әуе рейсі елордадағы қолайыз ауа райына байланысты қосымша аэродромға, яғни Қарағанды қаласына ұшып кетті», деді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Бұдан бөлек, қалың қар және боранның салдарынан елордадан шығатын 4 бағыттағы жол жабылған.