Әлем • 23 Наурыз, 2021

Исландияда бір аптада 40 мың рет жер сілкінісі тіркелген

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Исландияда жанартаудың атқылағаны видеоға түсіріліп, желі қолданушылар арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Исландияда бір аптада 40 мың рет жер сілкінісі тіркелген

Исландияның астанасы Рейкьявиктен 35 шақырым жерде орналасқан Рейкьянес түбегінде Фаградалсфьяль жанартуы қатты атқылай бастады және куәгерлер оны видео түсіріп, желіде таратты.

Видеодан жанартау атқылағаннан кейін түтін шығып, лава төгіліп жатқанынан көруге болады. Қала тұрғындары аспан қызыл түске боялғанын айтып жатыр.

Жанартау қатты атқылағаны соншалық сейсмикалық белсенділігі күшейген. Түбекте бірнеше аптадан бері 40 000 рет жер сілкінісі тіркелген.