Ақтөбе қаласындағы үш ауысымды мектептер мәселесі өзектілігін жойған жоқ. Соның ішінде әлі күнге дейін үздіксіз білім беріп келе жатқан кеңес өкіметінің алғашқы жылдары салынған білім беру мекемелері ғимараттарына күрделі сараптама жасау қажет болып отыр. Үш ауысымды мектептер мәселесінің түбірімен шешілмеуіне қала тұрғындары санының жыл сайын көбейіп жатқандығы да әсер етіп келеді. Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан алдағы оқу жылында мектептер жүктемесін азайту тақырыбында қаладағы барлық орта мектеп директорларымен жиын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жиында алдағы уақытта үш ауысымдық оқуды болдырмау үшін мектеп ғимараттарының жанынан қосымша құрылыс салу жұмыстары пысықталды. Биыл аталған мектептерге жапсарлас құрылыстар салу үшін жобалау-сметалық құжаттар әзірлеуге облыстық бюджеттен қаржы бөлінді. Қала мектептерінің директорлары 1975-80 жылдары ескі типтік үлгіде салынған мектептер аумағындағы бос орындарға жаңа спортзалдар мен шеберханалар салған жағдайда негізгі ғимаратта пәндік оқу кабинеттеріне орын босайтындығын атап өтті.
Жолдас Батырхан ең бірінші кезекте күрделі жөндеуді қажет ететін қаладағы №2 және №51 мектеп-гимназиялары мен №8, №12, №14, №22 орта мектеп ғимараттарының қазіргі жай-күйлерінен толық ақпарат ала отырып, өте ескі, апатты мектептер мәселесін шешуге басымдық берілетіндігін хабарлады. Бүгінде №14 және №22 орта мектеп ғимараттарының жай-күйіне ата-аналар тарапынан алаңдаушылық көп. Бұлар кеңес өкіметінің алғашқы жылдары салынған білім ордалары. Мәселен, 1936 жылы 320 баланың білім алуына арнап салынған №14 орта мектепте қазір 1274 оқушы оқиды. Әр жылдары оқу корпусына жөндеу жұмыстары жүргізіліп келе жатқанына қарамастан, «ескінің аты ескі» дейді осы мектептің директоры. 2018 жылы осы оқу орнының шатыры жаңартылып, 2020 жылы күрделі жөндеуден өтсе де, ғимараттың тарлығы жылдан жылға оқушылар мен мұғалімдерге ыңғайсыздық тудырып келеді.
Бүгінде 1025 оқушы білім алып жатқан №22 орта мектеп 1923 жылы салынған. Бірнеше жыл бұрын мұндағы негізгі оқу корпусының қасына екінші құрылыс салынды. 2007 жылы осы мектептің жылу жүйесі, 2012 жылы шатыры мен терезелері ауыстырылды. Алайда қазіргі кезде мұндағы пәндік кабинеттердің тарлығы мен жетіспеушілігі бәрібір өзектілігін жойған жоқ.
Жиын соңында осы оқу жылы аяқталған бойы қаладағы №12, №14, №22, №47 орта мектептеріне қосымша ғимараттар салу жұмыстары басталатындығы белгілі болды.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар