Қоғам • 24 Наурыз, 2021

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында 724 адам құтқарылды

104 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 наурызда «Қазгидромет» РМК деректері бойынша 13 өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен тәулікте еліміздің автожолдарында 724 адам құтқарылды

Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД дағдарыс орталықтарында жедел штабтар жұмыс жасауда.

Қазіргі уақытта ауа райының нашарлауына байланысты (боран, қар, нашар көріну) 5 өңірде, атап айтқанда Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында республикалық маңызы бар автожолдардың 16 учаскесі және облыстық маңызы бар автожолдардың 37 учаскесінде  жол жабық.

Нұр-сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы бекеттерде 232 бірлік техника, оның ішінде 154 бірлік жүк және 78 бірлік жеңіл техника тұр.

ТЖМ аумақтық бөлімшелері өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар облыстарында қар құрсауынан 724 адамды, оның ішінде 111 баланы құтқарды, 425 бірлік техниканы шығарды

Ақмола және Қарағанды облыстарының жылыту пункттеріне 463 адам, оның ішінде 75 бала орналастырылды.

Шұғыл жұмыстарға ТЖМ, ІІМ, ЖАО және жол қызметтері барлығы 608 адам және 325 бірлік техника жұмылдырылды.

Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 57 СМС-хабарлама жіберілді, "Дәрмен" мобильдік қосымшасы арқылы 53 хабарлама жіберілді, халық 112 және 101 пульттеріне көмек көрсету және ақпарат алу үшін  6886 рет жүгінді.

ТЖМ азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.