Қоғам • 24 Наурыз, 2021

Ұлттық ұлан жауынгерлері 50-ге жуық азаматты қар құрсауынан құтқарды

594 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында және  іргедегі елді мекендерде ауа райының күрт нашарлауына байланысты азаматтарды қар құрсауынан құтқару жұмыстарына Ұлттық ұлан жауынгерлері тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық ұлан жауынгерлері  50-ге жуық азаматты қар құрсауынан құтқарды

Елорданың ТЖД сұрауы бойынша 2021 жылдың 23-24 наурызына қараған түні  5573 әскери бөлімнің 52 әскери қызметшісі апаттық-құтқару жұмыстарына және Нұр-Сұлтан-Аршалы, Нұр-Сұлтан-Қоянды тас жолындағы жедел жұмыстарға тартылды.

Белгі түскен сәттен бастап әскери қызметшілер 4 дана жоғары өтімділігі бар техникамен құтқару жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде  таңғы 5.00 шамасында  қар құрсауынан 30 автокөлік және  50-ге жуық адам құтқарылды.Олардың арасында егде адамдар, әйелдер және балалар бар.  Әскери қызметшілер сондай-ақ құтқарылған азаматтарды ыстық шай және бутербродтармен қамтамасыз етті.

Соңғы жаңалықтар