Әлем • 25 Наурыз, 2021

Коронавирус: Үшінші толқын басталды

351 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Еуропаның бірқатар елі коронавирус пандемиясының үшінші толқыны басталғанын мәлімдеді. Инфекция жұқтырған науқастар саны күн санап артуда. Оған қоса, жақында Еурокомиссия төрағасының орынбасары коронавируске қарсы вакцинаға тапсырыс берерде қате кеткенін мәлімдеді. Дегенмен Франс Тиммерманс қорытынды жасауға асығар емес. 

Коронавирус: Үшінші толқын басталды

Үшінші толқын басталға­нын Еуропа комиссиясының ресми өкілі Дана Спинант мәлімдеді. «Үшінші толқын басталғаны сезі­­ле­ді. Алайда Еуропаның кей елін­де науқастар саны тез ұл­ға­йып барады, яғни вирус қар­қы­ны шапшаң. Ол эконо­ми­ка­ға үлкен кесірін тигізері анық», деді рес­ми өкіл.

Еурокомиссия өкілі бұл жағ­дай­дан шығар жалғыз жол ретін­де вакциналауды ұсынды. Жоға­рыда айтып өткеніміз­дей, жа­қын­да Еуропа елдеріне вакцинаға тапсырыс беру кезінде Еуропа комиссиясы олқылық жіберген. Төраға орынбасары Франс Тим­мер­манс коронавируске қатысты стра­тегия дайындау барысында бірнеше мәселенің назардан тыс қалғанын жасырмады. Алай­да дәл қазір қан­дай қателік кетіп, оның қандай салдары боларын анық­тау мүм­кін емес деген ойда. «Дәл қазір тап басып айту қиын. Ненің дұрыс, ненің бұрыс болға­нын тек пандемия аяқталған соң біле аламыз. Бүгін Еуро­па хал­қы түгелдей вакцина алға­ны маңызды болып отыр», деді Ф.Тиммерманс.

Еурокомиссия жалпы алған­да 4 компанияға 1,4 млрд вак­ци­на­ға тапсырыс берген. Ком­па­ниялардың барлығы Еуропа аймағында лицензиядан өткен. Дегенмен Еуропа хал­қы би­лік­те­гілердің шешім қа­­был­да­уы баяу деп сынады. Оны­мен қоймай, кей ел Еуропа ода­ғына әкелінген вакцина мем­ле­­кеттер арасында тең бөлін­бе­ді деген пікір айтады.

Еурокомиссия дұрыс не бұрыс деген шешім айтпаса да аймақта коронавирус инфекциясының таралуы үдеп барады.

Мәселен, Ұлыбританияда вирус жұқтырғандар саны бір ми­л­лион адамға шаққанда 1440 жағдайды құрайды. Бірақ бү­гін­ге дейін Ұлыбританиядағы ересектердің тең жартысы вакцина ектіріп үлгерген. Мемлекеттің Денсаулық сақтау министрі Мэтт Хэнкок жексенбіде азаматтар вакцина ектіруге белсене қа­тыс­қанын айтады. Осылайша, дағ­дарыстан шығар күн жақын деген оң пікірімен бөлісті. Жел­тоқсаннан бері 26,8 млн брита­ния­лық екпе салдырған.

Ал Польшада тағы да локдаун жарияланды. Денсаулық сақтау министрлігі сәрсенбіде қарашаның аяғынан бастап коронавирус жұқтырғандардың ең көп санын тіркеді. Бір күнде 26,4 мың жағдай анықталған. Бір апта ішінде науқастар саны 25 пайызға өсіпті. Жалпы алғанда 2 миллионнан астам адам вирус жұқтырса, 50 мыңға жуығы бақилық болған.

Германияда коронавирусқа байланысты ережелерге қарсы митинг әлі де жалғасуда. Елде жағдай тұрақсыз болса да бел­сен­ділер наразылықтарын тоқ­татар емес. Оған қоса, үкімет­те­гілер де алдағы сайлауға қатысты ха­лық­тың көңілін бағуда. Билік биылға бірқатар саяси акция жос­­­парлап қойған. Алайда оның орын­далуы екіталай болып отыр. Шектеулерден шар­ша­ған ха­лық по­ли­цияға күш көр­се­ту­ге көшкен. Кеше Кассель қала­сын­­дағы белсенділер полиция департаментіне шабуыл жасап, қару қолданған. Құқық қорғау органдары да қарсыласуға мәжбүр болыпты. Twitter желі­сін­дегі парақшасында олар «Бей­біт шеру мынадай болмауы керек» деп жазыпты.

Мажарстанда да пандемия басталғалы ең үлкен көрсеткіштер жаңа толқында тіркелген. Меди­цина құрылымдары кү­ні­не 6 мыңнан астам адам індет жұқты­ра­тынын мәлімдеді. Мұн­дағы өлім-жітім деңгейі де жоғары. Елдің премьер-министрі Виктор Орбан бұл көрсеткіш әлі де кө­бейе­тінін, ауруханаға жатушылар саны 8 мыңнан 20 мыңға дейін жетуі мүмкін деп ескертті. Мажарстан Ресейдің Спутник V вакцинасын қолдануды мақұл­да­ған ЕО-дағы алғашқы ел болды. Бүгінге дейін халықтың шамамен 10 пайызы вакцина алып үлгерген.

Францияда алғашқы 5 миллион адам вакцина алып үлгерген. Сенбіде үкімет локдаун жарияланатынын хабарлады. Дегенмен ел ішінде сапарлауға тыйым са­лын­баған. Мұнда вакцинаны коро­навируспен күресте алғы шеп­те жүрген азаматтар алды. Алайда интенсивті тера­пия­дағы науқастардың саны азайған жоқ. Билік ауруханалардағы жағдай тұрақсыз дейді, бірақ олар жаппай вак­циналау жолындамыз деп халықты сен­діреді. Әлі де 60 миллион адам вакциналануы керек.

Словакияда да өлім мен ин­фек­­ция жұқтырудың жаңа жағ­дай­лары көбейіп тұр. Сейсенбіде елдің премьер-министрі Игорь Матович ЕО-ның дәрі-дәрмек агент­тігіне халық денсаулығына қауіп төніп тұрғанын ескертіп, ресейлік вакцинаны мақұлдауды тездетуге шақырды. Бұған дейін Матович ЕО шешімін күтпестен және альянстағы көршілерге ес­кертусіз екі миллион доза Спут­ник V вакцинасын сатып ал­ған.

Испан дәрігерлері еңбек жағ­дайл­арын жақсартуды талап етіп, ереуілге шықты. «Біз әбден тойдық» деген ұранмен дәрігерлер 35 сағаттық жұмыс аптасына жету және түнгі ауысымдардың санын азайтуды талап етті.

 Италияда күн сайын тіркелетін жаңа ауру жұқтырушылар саны ақпан айының ортасынан бастап көбейе бастады және бүгінде 3, 39 млн-ға жетті. Пандемия бас­тал­ғаннан бері мұнда 105 мың­нан астам адам коронавирустан қайтыс болды. Індет салдарынан Италияда орташа өмір сүру ұзақтығы 2020 жылы шамамен 82,3 жылға дейін қысқарды, деп хабарлады Istat Ұлттық статистика басқармасы. 2019 жылы Италия осы көрсеткіш бойынша Еуро­палық одақта бірінші орында тұр­ған еді.

Желтоқсан, қаңтар айларында бас­талған вакциналау Еуропада әзір­ге тоқтап тұр. Өйткені комиссия AstraZeneca компаниясының вакцинасы қанның ұюына алып келеді деген тұжырымдама жасады. Ондай шешімге вакцина ек­тір­ген даниялық әйел мен норвегиялық дәрігердің өлімі себеп болды.