Әлем • 25 Наурыз, 2021

Солтүстік Корея екі зымыран ұшырды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Корея­ның Штабтар бас­тық­тарының ко­ми­те­ті (JCS) солтүстіктегі көршісінің екі снаряд-ұшақ ұшырғанын хабарлады. Қысқа қашықтықта ұшатын зымырандар теңізге қарай бағытталған.

Солтүстік Корея екі зымыран ұшырды

«Жексенбі күні Ончон елді меке­нін­дегі солтүстік-батыс портынан екі снаряд-ұшақ ұшқанын анықтадық», деді комитет қызметкері БАҚ-қа берген сұхбатында. Дегенмен ол зымыран­дар­дың түрін, ұшу жылдамдығы секілді мәліметтерді ашып айтудан бас тартқан. Ол тек Оңтүстік Корея мен АҚШ билігінің жағдайды бақылап, қадағалап отырғанын жеткізді.

Баллистикалық зымырандардан айыр­машылығы – снаряд-ұшақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Корея бойынша қабылдаған қарарына қарсы келмейді. Құжат бойынша еш тыйым салынбаған. Пхеньян 2017 жылдың аяғынан бастап ядролық сынақтар мен алыс қашықтықтағы зымырандарды сынауға ерікті мораторийді сақтап келеді.

АҚШ бұл оқиғаға аса мән бермеді. Байден әкімшілігі бұл сынақтар БҰҰ келісімін бұзбағанын алға тартып, алаңдайтын мәселе емес екенін жеткізді.