Айта кетейік, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір айдың ішінде жер реформасы жөніндегі комиссияны құрып, 25 наурызда жұмысқа кірісуді, сондай-ақ комиссияның құрамына аграрлық сектордың беделді өкілдерін және жер мәселесін жетік білетін сарапшыларды қосуды тапсырған еді.
Бұдан бөлек, Президент Үкіметке биыл тамыз айының соңына дейін жер реформасының негізгі мәселелері бойынша ортақ мәмілме арқылы түбегейлі байлам жасауды міндеттеді. Ал 23 наурызда Үкімет басшысы Асқар Мамин «Жер реформасы бойынша комиссия құру туралы» жылғы «№ 62-ө» өкімге қол қойды.
Жоғарыда аталған өкімге сәйкес комиссия төрағасы болып Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов, ал оның орынбасары болып Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бекітілді.